Үлкен қызы Айдана Амангелді музыкант, киелі әрі көне дала аспабы қобызда ойнайды. Көптеген халықаралық конкурстардың жеңімпазы және лауреаты атанды. Лондон, Париж, Берлин, Вена, Будапешт, Стамбұл, Санкт-Петербург, Белград қалаларында орналасқан әлемнің ең деген сахналарында өнер көрсетіп үлгерді. Авторлық iQobyz жобасын дамытып, қобыздың мәдени және рухани тарихын жандандыруды мақсат тұтуда.