Менің есімім Қарлығаш Смайыл. Мен - фэшн стилистпін. 10 жылдан астам жанұяммен бірге Қытайда тұрамын. Менің 3 балам бар. Ең кенже балам осында, Қытайда туылып, осында, Қытай бала бақшасына барып жүр, сондықтан қазақ тілінің деңгейін қосымша дамыту керектігін түсіндік. Бізде осындай керемет қазақстандык онлайн өнім бар болғанын естіп, өте таңғалып, құандым. сол өнімдердің бірін біз қазір қолданып жатырмыз, бұл - “Әлемнің 100 елі” бірегей өнімі. Менің ұлым сол елдердің аттарын тек қана қазақша жаттап қоя тұрмай, ағылшын тілінде де жаттап алды. Сонымен қатар, балам әлемде соншама көп қызықты елдер бар екендігін біліп, ой-өрісін де кеңейтіп алды. Өзінің туған елі жайында, және де басқа елдер жайында көп сұрақтар қоя бастады.Ол сұрақтардын жауабын біз бірге ғаламторға кіріп, біріге іздеп, өте көп қызықты ақпарат оқитын болдық.Ең басты айта кететін жәйт - бұл барлық адамдар үшін өте қол жетімді ақпараттық өнім. Балаларыңызға ойыншықтың орнына бір рет “Әлемнің 100 елі” карточкаларын сатып алуыңызға шын жүректен кеңес беремін. Біраз уақыттан кейін балаларыңыз сізді жағымды таң қалдырады.
Қарлығаш Смайыл