Оқытушылар сурет салудың негізгі кезеңдерін көрсетеді, көркемөнер материалдарымен жұмыс істеудің негізгі техникаларын үйретеді, сонымен қатар сабақ тақырыбы бойынша түрлі салалардан қызық деректер келтіре отырып, балалардың дүниетанымын арттырады.
Әр видеосабақ бір-бірімен байланысты екі блоктан тұрады:
- шығармашылық – бейнелеу өнерінің теориялық және практикалық негіздерін меңгеруге бағытталған;
- танымдық – қоршаған ортаны, мәселен, аңдар мен құстарды, елдер мен олардың дәстүрін, тарихты, аңыз-әфсананы зерттейміз.
Метапән – жекелеген пәндердегі бұл әлемнің біртұтас келбетін түзетін, жан-жақта жатқан білімді біріктіру.
Пәнаралық сабақ – оқытылатын сабақ материалымен бірге басқа сабақтардағы мәліметтер қоса беріледі, осының арқасында өзара байланысы бар тақырыптарды үйретудің үйлесімі қалыптасады.