Білім беру ұйымы және ата-аналармен қарым-қатынас барысындағы бүгінгі тәжірибелер

Онлайн-курс 14–16 қазан 2021 ж.
Білім беру ұйымдары жетекшілері, әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған курс
Продажи закрыты
Мы сообщим, когда появятся новые семинары для преподавателей

Курстың мақсаты:

Білім беру саласындағы мамандардың, соның ішінде ұстаздың ата-аналармен жұмыс жасаудағы кәсібилігін арттыру, ортақ тәрбиелеу жұмыстарына жұмылдыру, ата-аналарды балалардың рухани, адамгершілік, танымдық және физикалық дамуына мектепке дейінгі мекемеде және үйде тәрбиелеу үшін жағдай жасауға ынталандыру.
Семинар сабақтарын толыққанды өткеннен кейін сіз қатысушы Сертификатын аласыз (72 сағат)

Педагогикалық қызмет туралы курсты оқудағы мақсат:
  • 1
    Ата-аналардың «Денсаулық» бағыты аясында бірлескен қызметке тарту үшін практикалық технологияларды кеңейту: дене тәрбиесі; салауатты өмір салтын ұстануға ата-аналардың жағымды және прагматикалық әдеттерін практикада қолдану үшін қауіпсіз мінез-құлық негіздеріне үйрету.

  • 2
    Ата-аналардың «Таным» бағыты аясында ынталандыру технологиясын арттыру: сенсорика; жаратылыстану; дизайн; математика негіздері, ата -аналарға балаларды оқытудың педагогикалық әдістерін түсіну және оларды баламен бірлескен іс-әрекетте қолдану.

  • 3
    Мектепке дейінгі мекеменің ұстаздары мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастың мазмұнын тереңдету, олардың «Қоғам» бағыты аясындағы отбасы мен баланы әлеуметтендіру процесінде белсенділігін арттыру: нормалар, дәстүрлер, әлеуметтік дағдылар, өзіне қызмет ету дағдылары; қоршаған әлеммен танысу; өзін-өзі тану.

  • 4
    «Коммуникация» бағыты аясында ата-ана мен педагог арасындағы қарым-қатынас әдістері мен тәсілдерін насихаттау: сөйлеуді дамыту; көркем әдебиет; қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі; сауаттылық негіздері, баламен жағымды қарым-қатынас орнатуға көмектесетін ата-ананың коммуникативтік машықтарын одан әрі дамыту.

  • 5
    «Шығармашылық» бағыты аясында ата-аналардың ынтасын арттыру: сурет салу, модельдеу, музыка, аппликация. Бұл ата-аналар мен балалардың өзін-өзі қалыптастыруына және өзара сол тәжірибесімен бөлісуге, сондай-ақ ата-аналардың мектепке дейінгі мекеменің іс-шараларына қатысуына жол ашады.

Бағдарламаны меңгеру нәтижесінде қалыптасатын білім алушының міндеттері
Білім беру және тәрбие процесіне қатысушы ретінде ата-аналармен қарым-қатынас жасаудың ерекшеліктерін, формаларын, әдістерін, құралдарын білу.

Мектеп жасына дейінгі балалардың (мектеп оқушыларының) ата-аналарымен дәстүрлі және жаңа инновациялық әдістерді пайдаланатын қарым-қатынас формаларын пайдалану.

Мектеп жасына дейінгі балалардың (мектеп оқушыларының) ата-аналарымен қарым-қатынас кезінде өзіндік заманауи формаларды меңгеру.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ
14 қазан
19.00 (Нұр-Сұлтан)
Бағдарлама
Баяндамашы - Изакова Айжан Теңдікқызы
Психология ғылымдарының докторы, ЕАГИ профессоры.
Таланттарды басқару бағдарламасының авторы.
1 - Бөлім. Отбасындағы жағымды және жағымсыз тәрбиенің көріністері.
2 - Бөлім. Отбасылық тәрбиенің стильдері: отбасылық тәрбиедегі міндеттер туралы мысалдар.
3-Бөлім. Отбасының білім беру ұйымымен өзара әрекеті.
3.1. Білім беру ұйымына қатысты жарнаманы ата-ананың қабылдауы.
3.2. Отбасы мен отбасылық тәрбиені зерттеу. Дарынды бала. CRM жүйесі.
3.3. Ата-аналар жиналысының отбасымен қарым-қатынас құрудағы рөлі.
3.4. Қарым-қатынастың белсенді түрі ретінде «Бақытты ата-аналар академиясы» ата -аналар клубын ұйымдастыру технологиясы.
3.5. Отбасымен қарым-қатынас құрудағы бос уақыттың көрінісі.
3.6. Отбасымен қарым -қатынастың визуалды және ақпараттық формалары.
3.7. Білім беру ұйымының тәрбиеленуші балалрдың отбасы мүшелерімен өзара әрекеттесуін жоспарлау (@daryndybala.kz жұмыс тәжірибесі негізінде)
15 қазан
19.00 (Нұр-Сұлтан)
Бағдарлама
Баяндамашы - Изакова Айжан Теңдікқызы
Психология ғылымдарының докторы, ЕАГИ профессоры.
Таланттарды басқару бағдарламасының авторы.
4 - Бөлім. «Таланттарды басқару» авторлық бағдарламасы негізінде мұғалімдер мен ата-аналардың бірлескен жұмысын ұйымдастыру.
4.1. «Дарынды Ана және талант-менеджмент» бағдарламасында 52 апта бойы өзін-өзі жетілдіру: бақытты ата-ана болудың жауапкершілігі және балаға бақытты болуды үйрету.
4.2. Отбасы даму деңгейінің диагностикасы және баланың даму деңгейі.
4.3. Отбасымен психологиялық -педагогикалық жұмыстың ерекшеліктері. Отбасылық психологиялық -педагогикалық кеңес беру.
16 қазан
19.00 (Нур-Султан)

Бағдарлама
Баяндамашы - Изакова Айжан Теңдікқызы
Психология ғылымдарының докторы, ЕАГИ профессоры.
Таланттарды басқару бағдарламасының авторы.
5 - Бөлім. Психологиялық-педагогикалық өзара әрекеттесу практикасы: кеңес беру, түзету, қолдау.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР
Балабақша, кітаптар мен онлайн өнімдерге қатысты сұрақтар: online@daryndybala.kz
+7 747 120-25-57 (Whatsapp)
ҚОҢЫРАУ ШАЛУ ЖӘНЕ ЖАЗУ
Астана, LCD Holland, Әбубәкір Тыныбаев к-сі, 7
Қарағанды, Оазис шағын ауданы, 7
Қарағанды, 19-шағын аудан, 45Б
Қарағанды, Рахимов к-сі, 156
Қарағанды, Мұқанов к-сі, 3/2

КЕЛІҢІЗДЕР