Мы сообщим, когда появятся новые семинары для преподавателей
Сізге және білім мекемеңіздің ұжымына «Нәтижелі онлайн-сабақ» онлайн-курсына қатысуды ұсынады. Бұл курс қашықтан оқыту форматына өту барысындағы педагогтар мен тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға бағытталған.
Курстың басталатын уақыты: 2.11.2020 жыл
Курс аяқталған соң халықаралық үлгідегі сертификат тапсырылады.
Онлайн-курс келесі мамандарға қызық болады
техникалық және кәсіптік білім беру оқытушылары
мектеп мұғалімдері
балабақшадағы жоғарғы топ тәрбиешілері
мектептен тыс білім беру мекемелерінің педагогтары
педагогикалық жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттері
Онлайн-курс бағдарламасының ерекшелігі
Курс бағдарламасы қатысушыға өзін білім алушының орнына қойып көруге, яғни қандай да бір онлайн білім ресурсының қалай жұмыс істейтінімен оқушы немесе студент ретінде танысуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ ол педагог ретінде білім алушыларға арнап тапсырмалар әзірлейді, оларды тестілеп көріп, өзінің жеке онлайн-портфолиосына жүктей алады.
Қандай нәтиже күтіледі?
Онлайн-курс қатысушылары:
1
онлайн сабақ өткізудегі немесе онлайн сабақтан өтудегі жеке тәжірибесімен бөлісіп, пікір алмасады
2
түрлі онлайн білім сервистерін және қосымшаларды қолдану арқылы әзірленген тапсырмаларды орындап, тәжірибе жинайды
3
онлайн және оффлайн білім процесінің тиімділігін арттыра түсетін алуан түрлі білім сервистерімен жұмыс істеп үйренеді немесе осы бағыттағы тәжірибесін молайтады
4
онлайн-сервистер мен онлайн-қосымшаларды пайдалану арқылы білім алушыларға арнап тапсырма әзірлеп үйренеді
5
өз онлайн-портфолиосын (NETFOLIO) қалыптастырады
Онлайн-курс құрылымы
21 қыркүйек
1-модуль. Онлайн сабаққа кіріспе
1-сабақ. Онлайн сабақ дайындаймыз (онлайн сабақ құрылымы, ерекшеліктері және сабақтың әр кезеңіндегі тапсырмалар) Үй тапсырмасы
2-сабақ. Онлайн сабақ өткізу барысында коучинг құралдарын қолдану (ұсынылған коучинг құралдарын қатысушы өткізетін сабаққа бейімдеу) Үй тапсырмасы
3-сабақ. Білім бағдарламаларын онлайн өткізуге арналған платформалар. «Google Класс» платформасының мүмкіндіктері Үй тапсырмасы
2-модуль. Онлайн оқытуды жүргізуге арналған сервистер
1-сабақ. Онлайн сабақ өткізудегі Zoom сервисінің мүмкіндіктері Үй тапсырмасы
2-сабақ. Онлайн сабақ өткізуге арналған Zoom сервисі Үй тапсырмасы
3-сабақ. Интерактив презентация әзірлеуге арналған практикум (Genially онлайн сервері) Үй тапсырмасы
3-модуль.Сабаққа дайындалу және сабақ өткізуге (онлайн және оффлайн түрде) арналған онлайн-сервистерді қолдану бойынша практикум
1-сабақ. Learnis білім платформасын қолдану бойынша практикум (оқытуға арналған веб-квестер, викториналар, зияткерлік онлайн-ойындар) Үй тапсырмасы
2-сабақ. LearningApps онлайн-сервисін қолдану бойынша практикум (оқушылардың білімін тексеруге арналған интерактив тапсырмалар әзірлеу) Үй тапсырмасы
3-сабақ. Онлайн-сабақ аясында берілетін ақпаратты визуалдау бойынша практикум Үй тапсырмасы
4-сабақ. «Quizizz» және «Kahoot» онлайн-қосымшаларын қолдану бойынша цифрлы практикум (тестілер, викториналар және дидактикалық ойындар әзірлеу) Үй тапсырмасы
4-модуль. Онлайн сабақ аясында кері байланыс орнату және бағалау
1-сабақ. Білім алушылардан кері байланыс алуға арналған онлайн-сервистерді қолдану бойынша практикум Үй тапсырмасы
2-сабақ. Білім алушылардың жұмыс тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін құралдар әзірлеу бойынша практикум Үй тапсырмасы
3-сабақ. Мұғалімнің онлайн-портфолиосы (NETFOLIO) әзірлейміз (оған сабақ беру философиясы; онлайн-сервистер мен олардың мүмкіндіктері; онлайн сабақ әзірлеу; түрлі онлайн-сервистердің көмегімен жасалған дидактикалық материалдар, интерактив презентациялар кіреді) Үй тапсырмасы
Соңғы сабақ: Мұғалімнің NETFOLIO (онлайн-портфолио) презентациясы
Онлайн-курс басшысы туралы
Григальчик Елена Константиновна
«Эко-Эл» балабақша-орта мектеп-колледж оқу-педагогикалық кешені» жеке білім беру мекемесі (Минкс қаласы).
Коуч («Коучинг: көшбасшылықтың жаңа мүмкіндіктері. Трансформациялық коучинг ғылым және өнер ретінде» бағдарламасы (Коучингтің Халықаралық Эриксон Университеті, Мәскеу қаласы)
Химия мұғалімі, 1-санатты білікті маман
Педагог-психолог
2020 жылы келесі жобалар жүзеге асырылды:
Педагогтарға арналған «Quizizz» және «Kahoot» онлайн-қосымшаларын қолдану бойынша цифрлы практикум» мастер-класы
Орта мектеп оқушыларына арналған 110 онлайн сабақ
Орталық тестілеуге дайындық бойынша 10-11 сынып оқушыларына арналған 76 сағат онлайн-сабақ