Талант менеджмент
Талант менеджмент — бұл баланың тағдырына ықпал ететін жағымды жағдайларды іздеу мен құруға бағытталған бағдарлама.
Ол үшін біз:
  1. Өзімізді, реакцияларымыз бен сезімдерімізді зерттеуіміз керек. Тұла-бойымызды табиғи қалпында қабылдауды үйренуіміз қажет. Жан-дүниемізді сол қалпында сүйе білгеніміз абзал. Бойымыздағы кемшіліктерді түзете отырып, басқа да реакцияларды жағымды эмоциямен қабылдай алатын деңгейге жетуіміз керек.
  2. Ынта көңілімізді күнделікті мінез-құлықтарымызды қалыптастыру арқылы жүйелендіреміз. Зейінімізді ашып, оны бағыттап, белсенді әрі тиімді физикалық әрекеттерді бақылауды үйренуіміз керек.
  3. Туыстарымызбен, қоғаммен және әлеуметтік қауымдастықтармен өзара ынтымақтастыққа құрылған қарым-қатынас құрғанымыз жөн. Адамды түрлі әлеуметтік шаруашылық жағдайға байланысты жеке тұлға ретінде де, топтың бір мүшесі ретінде де қабылдауды үйренуіміз керек.
  4. Жеке және іс-шаруамызға қатысты ақпаратты барынша дұрыс жеткізе білуіміз керек. Сонымен қатар, ондай презентациялық ақпарат әдеп пен логикалық нормаларға сай дұрыс құрылғаны жөн.
  5. Моральдық, рухани және материалдық тұрғыдан қоғамға пайда әкелетін қабілеттеріңізді танып, тұлғалық даму мүмкіндіктерін анықтаған абзал. Бойыңыздағы қайсыбір таланттардың қоғам дамуына қажет екенін дәлелдеуге мүмкіндік туады.
  6. Тұлғалық болмысыңыз мен қарым-қабілетіңізді анықтаудың тағы бір жолы - қоғамдағы орныңызды немесе «тауашаңызды» білу. Өмірлік миссиясын ұғынған адам бақытты болмақ. Тарих пен мәдениет тоғысында адам өзінің энергиясын дұрыс бағыттап, шығармашылығының артуына, ой-қиялының шарықтауына мүмкіндік бергені дұрыс.
  7. Көшбасшылық қабілетті дамыту үшін адам өзінің көңіл-күйін бақылау арқылы, мінез-құлқын зерделей келе, өзін-өзі жетілдіруге жол ашады.
  8. Көшбасшылық қабілетті дамытуға арналған тағы бір әдіс - адам өзінің көңіл-күйін реттейді, саналы әрі сауатты қадамдарға бағыттайды.

Дарынды Бала туралы толық мәліметі


Балалар орталығының құрылу тарихы және негізгі даму кезеңдері

Қандай біз өзімізге тапсырма қойдық

психология ғылымдарының докторы Айжан Изакованың «Талант менеджмент» авторлық бағдарламасы: баланың тағдырына ықпал ететін жағымды жағдайларды іздеу мен құруға бағытталған бағдарлама

















ЖАСАУШЫЛАР
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ
online@daryndybala.kz
Whatsapp +77780171494

ХАБАРЛАСЫҢЫЗ
Нур-Султан, ЖК Holland, Әбубәкір Тыныбаев улица, 7
Караганда, ул. Луговая, 156-2
Караганда, Оазис микрорайон, 7
Караганда, 19-й микрорайон, 45Б
Караганда, Рахимова, 156
Караганда, Муканова, 3/2
КЕЛІҢІЗ