Жоба жеке тұлғаны әлеуметтендіру, оның қабілеттерін дамыту, жеке тұлғалық дағдыларды қалыптастыру міндеттерін жаңа тәсілдермен шешуге бағытталған. «Кемел болашақ» жобасының шарттары балалармен өзара іс-қимылда оларға іс жүзінде қоғамның қамқорлығын, құрметін және олардың өміріне қатысуын сезінуге мүмкіндік беретін әдіснамалық сүйемелдеуді жасауды ұсынады. Балалар «Рухани жаңғырудың» бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімге табыну, Қазақстанның эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы сияқты алты қағидаты өзін, мінез-құлқын, қарым-қатынастарын білімнің орасан зор палитрасы арқылы тануға мүмкіндік алады.