Error get alias
Психолог мінбері
Құрметті талантты, сүйікті балаларымыздың ата-аналары!

Сіз тәрбиелеп отырған баланың тұлғалық болмысы.

Есіңізде болсын, сіз тұлға ретінде ғажап энергияға иесіз. Ол жылулық, сүйіспеншілік, қамқорлық, жанашырлық, шыдамдылық пен даналықтың сиқырлы энергиясына ие екенін ұмытпаңыз. Ол балаға өзін дәл анықтауға және жетілдірудің ең жақсы тәсілдерін табуға көмектеседі.

Сіздерге балаларыңызбен бірге бақыт пен қуанышқа толы қарым-қатынас орнатуды тілеймін.

Изакова Айжан
Профессор, «Талант менеджмент» бағдарламасының авторы
Ата-аналарға арналған тәжірибелік кеңестер
Алдын алу (ақпараттандыру)

  1. Балаға уақыт бөліңіз:

  • Балаңызбен сөйлесіңіз немесе сөйлесуге дайын болыңыз. Баламен сөйлесуге дайын болу дегеніміз не? Ол баланы назарда ұстау, әңгіменің мазмұнына орай интонацияны өзгерту, баланың сөзін өзіне грамматикалық және фонетикалық тұрғыдан дұрыс қайталауды білдіреді. Сонымен қатар, әлі тілі шықпаған баламен байланысты қолынан ұстау арқылы білдіруге, былдырларына басын иіп, күлімсіреген дұрыс.

  • балаңызбен ойнаңз немесе ойнауға дайын болыңыз. Яғни, ойынның шарттары мен баланың назарын ұстаудың сырларын біліңіз. Сонда бала басатаған ойынын аяғына дейін жалғастыруды үйренеді. Мәселен, ойыншықты немесе ойынды зерттеңіз, балаңызға "жарайсың", "дұрыс айтасың", "керемет", "ақылдым" және тағы басқа ынталандыру сөздерін айтыңыз. Ал бала қателесіп, жауапты таппаған жағдайда эмоционалды және вербалды тұрғыдан сабыр сақтаңыз. Болмаса, балаңызға ақырын ғана "осыны тағы бір рет қаталайық" деп айтаңыз.

  • үй шаруасын бірге атқарыңыз (ыдыс жуу, шаң сүрту, гүл суару және т.б.). Бала мұндай шаруаларды атқару барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауға, істі тиянақты жасауға үйренеді. "Жақсыдан үйрен" демекші, сіз өз кезегіңізде өнеге көрсетуге тырысыңыз. Бұл әрекеттер бірнеше рет қайталану арқылы ойын формасында өткені абзал.

  • балаңызбен бірге кітап, ертегі оқыңыз. Оқитын материалдың мазмұны мен сапасына жете мән беріңіз. Кітапты оқу барысында жағымды эмоцияның көп болғаны абзал, материал баланың қызығушылығын туғызуы керек. Сонымен қатар, мәтінді, ондағы суреттерді баламен зерттеңіз, зерделеңіз. Мәселен, ертегі кейіпкерлерін өзара салыстырыңыз. Бұл баланың есте сақтау қабілетіне әсер етеді.
  • балаңызбен сурет салыңыз, ән айтыңыз, билеңіз және қиялдаңыз. Бұл баланың шығармашылық қабілетін арттырады. Негативті бағалау принциптерінен ада болыңыз. "Сен мына жерді дұрыс істемедің, былай болу керек еді" деп баланың психологиялық санасын зақым келтіруден сақ болыңыз. Балаға қателіктерін түзеуге мүмкіндік беріңіз.

  • айналыңызға, жақындарыңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Балаңыз сіздің іс-әрекеттеріңіз өнеге алатынын есіңізде сақтаңыз. Ата-ананың көңіл-күйі, физикалық белсенділігі баланың психологиясына тікелей әсер етеді. Бұл ретте эстетикалық және этикалық әдептен шықпағанын қадағалаңыз.

  • Баланың тұлғалық дамуы мен психикалық денсаулығына жағымды әсер ететін пайдалы ақпаратты ғана пайдаланыңыз.

  • Шаршау, қорқыныш, уайым, фрустрация, стресс, депрессия, суицидке қатысты профилактикалық тәжірибені жақындарыңызбен бөлісіңіз.

  • Жағымды хоббилеріңіздің тізімін толықтырып отырыңыз.

Диагностика (бағалау)

  1. Әрекеттер, қозғалыстар, мінез-құлық: ашық түсті, дыбыстық, динамикалық реакциялар; қағидалар сәйкестігі.

  2. Ойлау және сөйлеу: естіген, көрген, жасалған дүниелерді түсіну; өзін-өзі таныстыру және ересектердің сөйлеуін қайталау.

  3. Зерде және шығармашылық ойлау: мәселелерді шешу, жаттығулар орындау (модельдеу, лего, сурет салу, би, физикалық жаттығулары), өлең немесе әңгіме шығару, ақпаратты аяқтауды үйрену.

  4. Педагогикалық немқұрайлық немесе білім берудегі қиындықтар: қоршаған ортаға реакция, қоршаған ортамен қарым-қатынас, деструктивті-шығармашылық түзету жаттығулары.
Өздігінен білім алу

Өзін-өзі реттеу

Өзін-өзі тану

Іс-әрекетті жоспарлау


Практика

Психологпен әңгімелесу

Отбасылық кеңес беру

Топтық тренингтер


ЖАСАУШЫЛАР
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ
online@daryndybala.kz
Whatsapp +77780171494

ХАБАРЛАСЫҢЫЗ
Нур-Султан, ЖК Holland, Әбубәкір Тыныбаев улица, 7
Караганда, ул. Луговая, 156-2
Караганда, Оазис микрорайон, 7
Караганда, 19-й микрорайон, 45Б
Караганда, Рахимова, 156
Караганда, Муканова, 3/2
КЕЛІҢІЗ