Болашақтың мектебі дегеніміз не?
«Не үшін» өмір сүру керектігін білетін адам, өмір жолында кезіккен «қалай» деген сұрақтың жауабын да біледі
Ницше
Компанияның негізгі стратегиялық мақсаттарының бірі - «Дарын бала» болашақтың мектебін құру.
Болашақтың мектебі дегеніміз не?
Классикалық үлгідегі мектептер алдағы келешекте үлкен өзгерістерге тап болады. Демек, дәстүрлі сабақтар заманауи талаптарға сай жаңарады. Жаңа буынның сұранысы мен үміттеріне құрылған білімгерлердің психологиясында мәдени және әлеуметтік өзгерістер пайда болады. Мұндай біртектес жүйелі экоортада оқушылар мен студенттерді білімге баулу және олардың өзіндік дамуын жетілдіру қиынға соғады.
Болашақтың мектебінде:
Ұстаз бен ата-ананың балаға қояр талабы мен болашақ жоспары болуы заңды. Бірақ болашақтың мектебінде баланың жеке қасиеттері мен көздеген жоспарлары қатар ескеріледі.
Бала өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалау арқылы ойлау қабілетін дамытады, жетістікке қол жеткізетін мақсаттарды анықтайды
Еркіндік пен еңбектенуге деген құлшынысты арттырады
Білім алуға деген ынтаны және қызығушылықты қалыптастырады
Мәдени құндылықтар мен ішкі мәдениетті дамытады
Баланың тарапынан туындайтын сұрақтарға позитивті қарым-қатынас қалыптастырады
Сыни ойлау мен қабылдау қабілеттерін дамытады
Жеке және топта жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалады
Баланың даму мен оқу процессіндегі құбылыстарды мұқият бақылайды
Баланың болашақ жоспары аясында бірнеше сценарий ұсынылады
Онлайн мектеп
Қазір онлайн білім алу форматын қолдаушылар саны күн санап көбейіп барады. Біздің «Дарынды бала» онлайн мектебінде қазіргі таңда жалпы саны 1600 сабақ бар.
Онлайн білім алудың артықшылықтары:

  • Географиялық еркіндік
    Онлайн білім беру үдерісіне сіз әлемнің кез келген бұрышынан қатыса аласыз. Бастысы, өзіңізді жылдамдығы жақсы интернетпен қамтамасыз етіңіз.
  • Ыңғайлы оқу кестесі
    Жаңа буын әлемді өздеріне ыңғайлы етіп жасауға тырысады. Онлайн білім үдерісі білімгерге ыңғайлы күнді, уақытты, тақырыпты, спикерді таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сіз дәрісті алдын-ала жүктеп, сапарға шыққанда видео және аудио жазбаларды тыңдап немесе көре аласыз.
  • Оқу жылдамдығы
    Онлайн білім алудың ең ұтымды тұсы білімгер кел келген уақытта күрделі сабақтарды бірнеше рет қайталап көре алады. Сонымен қатар, өзіне таныс тақырыптарды өткізіп жібереді.
  • Даралық принципі
    Білімгердің топта емес, жеке білім алуға мүмкіндігі бар
«Дарынды бала» болашақтың мектебі сайттағы онлайн курстарға кіруге мүмкіндік беріп отыр. Аталмыш оқу бағдарламасы «Дарында Бала» көшбасшылықты дамыту орталығының балалары үшін арнайы әзірленген.

Онлайн сабақтардың арқасында ата-ана балаларының күн тәртібін ұйымдастыруға, үздіксіз және сапалы білім беруге және балалардың өз ортасымен қарым-қатынасын сақтауға мүмкіндік беріед. Бұл процесс барлық отбасы мүшелері үшін қызықты әрі танымды болмақ. Себебі, біз ұсынып отырған формат ата-ана мен баланың арнайы бірге жұмыс істеуі үшін жасалған.

Онлайн сабақтарға интернетке қосылған кез келген компьютер, планшет немесе ұялы байланыс телефонынан қол жеткізуге болады. Балалар ұстаздарымен ортақ топта оқиды. Оқу барысында психология ғылымдарының докторы Айжан Изакованың «Талант менеджмент» авторлық бағдарламасының әдістері мен тәсілдері пайдаланылады.

Сабақ ZOOM халықаралық платформасында, сонымен қатар www.daryndybala.kz ресми сайтының жеке кабинеттері арқылы өтеді.
Ол үшін не істеу керек?
1
Балаға оқу орнын ұйымдастырыңыз, яғни үстел, орындық және басқа қажеттіліктерін әзірлеңіз.
2
Сурет салу үшін дәптер, қалам, қайшы, желім, түрлі-түсті қағаз, пластилин дайындаңыз.
3
Курсқа жазылу туралы өтінішті бізге жолдаңыз
WhatsApp: +7 777 048 6766
Instagram @daryndy_bala
4
Онлайн сабақтарға қосылу туралы толығырақ ақпаратты электронды поштаңызға жібереміз
Дарынды Бала туралы толық мәліметі


Балалар орталығының құрылу тарихы және негізгі даму кезеңдері

Қандай біз өзімізге тапсырма қойдық

психология ғылымдарының докторы Айжан Изакованың «Талант менеджмент» авторлық бағдарламасы: баланың тағдырына ықпал ететін жағымды жағдайларды іздеу мен құруға бағытталған бағдарлама

















ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР
Балабақша, кітаптар мен онлайн өнімдерге қатысты сұрақтар: online@daryndybala.kz
+7 747 120-25-57 (Whatsapp)
ҚОҢЫРАУ ШАЛУ ЖӘНЕ ЖАЗУ
Астана, LCD Holland, Әбубәкір Тыныбаев к-сі, 7
Қарағанды, Оазис шағын ауданы, 7
Қарағанды, 19-шағын аудан, 45Б
Қарағанды, Рахимов к-сі, 156
Қарағанды, Мұқанов к-сі, 3/2

КЕЛІҢІЗДЕР