Ата-аналардың пікірлері
Есімім Мөлдір, «Дарынды Бала» бала-бақшасы «Сұңқар» тобының баласы Рамазан Азиздің анасымын. «Дарынды Бала» бала-бақшасы білімі мол, өзінің ерекшеліктерімен көзге түсетін бала-бақшалардың бірі деп есептеймін. «Сұңқар» тобында осымен екінші жыл тәрбиеленіп отырмыз. Ұлпан және Ғалия апайларымыздың еңбегі шексіз. Ұлпан апайымыздың арқасында Азизіміз білімді, ұқыпты, әріптердің барлығын таниды, оқиды, еш қиындықсыз санайды. Ең алғашқыда бала-бақшаға барған кезде шыны керек, Азиз сөйлей де алмайтын, қысқа мерзімде баламның осындай деңгейге жетуін апайларымыздың арқасы дегім келеді. Тек білімге ғана көңіл бөлмей, баланың денсаулығына да бала-бақшаның әсері өте мол. Хореография, алғашқы эстетикалық даму, таэквандо сияқты басқа да үйремелердің физикалық дамуға ықпалы зор. Ұлпан апай және Ғалия апайларымыз қандай ауа райы болмасын, далаға киіндіріп алып шығып ойнатады, әр түрлі шаралар ұйымдастырып өте қызықты, көңілді қып балаларымызды интеллектуалды, рухани дамытуда. Бала-бақша маңайында әр түрлі ойындар ойнатады, пикник ұйымдастырады, апайларымызға алғысымыз шексіз!
Сәлеметсіздер ме?! Менің қызым Аяла «Дарынды Бала» бала-бақшасының «Сұңқар» тобына 3 жасынан барып жүр, биыл соңғы жыл. Бала-бақшамызға келетін болсақ, бізге өте қатты ұнайды, заманға сай даму үстінде, апайларымыз да тамаша. Қосымша хореографияға барамыз, өте ыңғайлы, барлық үйірме ішінде. Күнделікті сабақтан фото, видео міндетті түрде келіп тұрады, апайларымыз түрлі тақырыптарға ашық сабақтар ұйымдастырады! Қызымның бақшаға бармаймын деген күні болмайды 😁 Қызығып барады!

Әрқашан осылай дами беріңіздер, «Дарынды Бала» ұжымына алғысым шексіз! Кіші қызымды келесі жылы сіздерге беремін, болашақта бұдан да жоғары деңгейде дами түсетініңіздерге күмәным жоқ!

«Дарынды Бала» бала-бақшасы «Достық» тобының тәрбиеленушісі Амандық Айбынның анасымын. Есімім Айтолқын болады. Ұлыма бала-бақшаны таңдардың алдында көп ойландым, «Дарынды Бала» бала-бақшасының инстаграм желісінде балаларды тәрбиелеудегі білім беру әдістері ұнады. Содан ұлымды осы бала-бақшаға беремін деп шештім. Балам бірінші күннен бастап бала-бақшаға үйрене бастады, себебі Жанерке мен Анар апайлары балалармен тез тіл табысып кетті. Апайларымыздың арқасында Айбын көп затты үйренді. Бала-бақшадан келгеннен кейін балам әнұранды айтқанда қатты қуандым. Күннен күнге баламның жасы әлі үш те болса да, білімі артып келеді, осының барлығы апайларымыздың білімділігінің, шығармашылығының, төзімділігің арқасы. Айбын өз апайларын қатты жақсы көреді. «Дарынды Бала» бала-бақшасының әкімшілігіне және Жанерке апай мен Анар апайға алғысым шексіз. Сіздердің жұмыстарыңызға тек табыс тілеймін!
Дарынды Бала туралы толық мәліметі


Балалар орталығының құрылу тарихы және негізгі даму кезеңдері

Қандай біз өзімізге тапсырма қойдық

психология ғылымдарының докторы Айжан Изакованың «Талант менеджмент» авторлық бағдарламасы: баланың тағдырына ықпал ететін жағымды жағдайларды іздеу мен құруға бағытталған бағдарлама

















ЖАСАУШЫЛАР
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ
online@daryndybala.kz
Whatsapp +77780171494

ХАБАРЛАСЫҢЫЗ
Нур-Султан, ЖК Holland, Әбубәкір Тыныбаев улица, 7
Караганда, ул. Луговая, 156-2
Караганда, Оазис микрорайон, 7
Караганда, 19-й микрорайон, 45Б
Караганда, Рахимова, 156
Караганда, Муканова, 3/2
КЕЛІҢІЗ