Жоғары ылғалдылық (яғни жаңбыр) пен төмен температура (салқын ауа) – кез-келген жастағы баланың иммунитетін нығайтатын ең пайдалы нәрсе. Ол жайлы танымал педиатр Евгений Комаровский бірнеше рет айтып, талай рет жазған болатын. Оның жас әріптесі Фёдор Катасонов өзінің «Федиатрия. Сабырлы түрде баланың бабын табу» («Федиатрия. Нетревожный подход к ребёнку») кітабында былай дейді:
«Вирусқа қарсы қорғанысты жақсартады деп сендіруге тырысатын, алайда күмән тудыратын дәрі-дәрмектерге қарағанда тек жақсы ұйқы, қажетті мөлшердегі денешынықтыру, нәрлі тамақтану, D дәруменін қабылдау мен күнделікті түрде таза ауада серуендеу ғана шынымен де иммунитетті нығайта алады. Әсіресе салқын күндері серуендеу өте пайдалы: кішкентай баланың ағзасы желге және суыққа қарсы тұруға тамаша бейімделген. Тек оған осы мүмкіндікті берсе болғаны. Балалар әдетте аяғын сулап алғаннан немесе үйден бас киімсіз шыққаннан ауырып қалмайды. Нағыз қауіпті жылыту жүйесіне қосылған ғимаратта немесе үй-жайда күні бойы отыру төндіреді. Шырышты (слизистые) мұрын және ауыз қуыстары кеуіп, бактериялар мен вирустарға қарсы осал болады, үй мен даладағы температураның айырмашылығында осы мұрын және ауыз қуыстарының жаттығуына мүмкіндік бермейді. Нәтижесінде, кез-келген сәтте ЖРА (жіті респираторлық ауру) және ЖРВИ (жіті респираторлық вирустық инфекция) пайда болады».
Сайып келгенде, егер мамандарға сенер болсақ, жаңбыр, жел және салқын күндер – тегін қол жеткізуге болатын ең тамаша иммуностимуляторлар болып табылады. Дегенмен, адам ағзасының барлық мүмкіндіктеріне қарамастан, жаңбырлы күні тиісінше киінген жөн. Бақытымызға орай, біз қазір ыңғайлы және жақсы киімдерге қол жеткізе алатын заманда өмір сүреміз. Мейлі шалшық суды жалдағың келсе де, мейлі омбы қармен жүргің келсе де, оған сәйкес киім табуға болады. Дегенмен тағы ескеретін жайт, бұлтты күндері балаға жарқын, жарық шағылыстыратын элементтері бар, тобығы мен білегінде тығыз бекітілген, барынша экологялық және ылғал өткізбейтін киімдер кигізген дұрыс.