Үндеместер: сәбидің сөйлеу қабілетін дамыту

Сөйлеу – сәбидің зияткерлік және эмоционалды дамуының маңызды көрсетіштерінің бірі. Дегенмен де вербалды байланыс әр балада әртүрлі дамиды. Кейбір бала алғашқы анық сөздерін 18 айлық кезінде айта бастаса, кейбірі екі жарым жаста да тіл қатпайды. Күнделікті тұрмыста біз баланың дамуын дәл осы дағдысы – сөздерді дұрыс айта алуына қарап бағалаймыз. Егер баламыз «үндемес» болса, алаңдаушылық білдіреміз.
Алайда, шын мәнінде, сөйлеуді дамыту — бұл баланың миы біртіндеп игеретін тапсырмалардың үлкен кешені. Бұл процесс туғаннан басталады. Дәл сол сәтте нәресте дыбыстар әлеміне еніп, олардың көмегімен адамдармен өзара әрекеттесуді үйренеді. Бала көретін және еститін барлық нәрсе мидың жетілуін ынталандыратын нейрондық байланыстардың қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан сөйлеу дағдылары кезең-кезеңмен «іске қосылады». Және де бұл ретте сөздерді айту қабілеті олардың алғашқысы емес.

Сондықтан баланың сөйлеуінің қалай дамитынын бағалау үшін сіз тек осы қабілетке назар аудармауыңыз керек. Балаға осы күрделі дағдыларды түсінуге көмектесу үшін ауызша қарым-қатынасқа ғана назар аударған дұрыс емес. Біз балаға оңтайлы даму ортасын қалай қамтамасыз ету керектігін және сөйлеуді меңгеру процесінде маңызды сәттерді жіберіп алмауды түсініп, зерттеуіміз қажет.
Бала тілінің даму кезеңдері
Бала өмірінің алғашқы екі жылында педиатрға жоспарлы тексеріске барған кезде дәрігер оның дамуының жалпы көрінісін бағалайтынын байқайсыз. Әр жас кезеңі үшін дағдылар жиынтығы болады, оның ішінде сөйлеудің дамуын анықтаушы көрсеткіштер де болады. Білікті педиатр қалыпты дейтін нормалар қаншалықты бір бірінен ерекшеленетінін өте жақсы біледі. Сондықтан дәрігер балаңызды белгілі бір қатаң деңгейге сәйкестендіруді мақсат етпейді.

Дегенмен де, егер дәрігер баланың белгілі бір жасқа дейін қандай-да бір дағдыны игермегенін байқаса, оны түзету үшін жағдайдың себептерін түсінуі керек. Қарапайым мысал: Бала жануарлардың дыбыстарына еліктей алмауы мүмкін, өйткені ата-анасы оған үйретпеген. Бірақ егер ми жануарларға еліктеу деңгейіне дейін жетілсе, балаға анасынан сиырдың «муу-уу», ал иттің «ав – ав» дейтінін естісе болғаны, сәби ол дыбыстарды оңай қайталай алады.

Баланың сөйлеу қабілетінің дамуы орташа көрсеткіштерге сәйкес келе ме, жоқ па – ол маңызды емес. Сәбидің дамуы өсіп келе жатқанын және уақыт өте келе жаңа дағдылар қосылатындығын көру маңызды. Көбінесе балалар бірнеше күн ішінде белгілі бір жас кезеңдерін «қуып жете алады», себебі ми осылайша серпілу арқылы дамиды. Алайда, ол үшін дұрыс жағдай жасалуы тиіс.

Міне, бұл сөйлеу қабілетін дамытуға көмектесетін бірнеше факторлары болып табылады.
Баланың тілі дамуы үшін қандай жағдай жасау қажет?
1. Тек ұсақ моторикаға ғана емес, сонымен қатар ірі моторикаға да көңіл бөліңіздер
Көптеген ата-аналар ұсақ моториканы дамыту мен мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдылары арасында өзара байланыс бар екенін жақсы біледі. Бірақ соңғы кездері ғалымдар сөйлеу функцияларын қалыптастыруға ірі моториканың әсеріне көп көңіл бөлуде. Сөйлеуді дамытудың қарқынды және жаңа әдістерінің бірі – ырғақты қозғалыстарды сөздермен біріктіру.

Мұны тәжірибе жүзінде қалай іске асыруға болады? Әткеншек, гамак немесе үлкен гимнастикалық доп көмектеседі. Баланы бір жағынан екінші жағына тербеп, бір уақытта буындарды немесе қысқа сөздерді айтыңыз: ма-ма, па-па, бір-екі, ку-ку және т.б. Ұсақ моториканы саусақ ойындары мен санамақ тақпақтар дамытуға көмектеседі: «ұшты-ұшты» ойыны, «өрмекші-бала» және барлығымызға белгілі «қуырмаш» ойыны.
2. Есту қабілетін дамыту сөйлеудің дамуына септігін тигізеді
Әр түрлі дыбыстарды салыстыру, дыбыстың жоғарылығы мен үніне, әуеннің дыбыс деңгейі мен жылдамдығына назар аудару — бұл дағдылардың барлығы сөйлеуді дамытуда пайдалы болады. Оларды ынталандырудың ең жақсы тәсілі – баланы әртүрлі музыкалық аспаптармен таныстыру.

Жағымды, тыныш және ең бастысы әр түрлі дыбыстарды шығаратын аспаптарды таңдаңыз: қоңырау, үшбұрышты сыңғырлақ, калимба, сылдырақ, сыбызғы, ысқырық, даң (бубен) және маракас. Кішкентай бала дыбыстарды салыстыра алуы үшін ол құралдардың барлығын бірге сақтаңыз. Әр түрлі қарапайым әуендерді, әндер мен билерді тыңдау да есту қабілетінің дамуына оң әсер етеді.
3. Сөйлеңіз және тыңдаңыз
Тілдік дағдыларды дамытудың жалғыз көзі – бағытталған сөз. Басқаша айтқанда, баланың сөйлеу қабілетін дамыту функцияларын теледидарға, YouTube-ке немесе сөйлесетін ойыншықтарға қалай ысыра салғымыз келсе де, олар еш көмектеспейді. Нейрофизиологтартың пікірінше, бала тірі адамдар онымен сөйлескен кезде ғана сөйлеуді үйренеді. Балалар алты айынан бастап интонацияны қағып алып, қарым-қатынаста басқа адамдардың эмоционалды реакцияларын танып біле алады.

Баламен туғаннан бастап неғұрлым көп сөйлессеңіз, соғұрлым ол сізбен тілдік байланыс орнатуға талпынады. Алдымен серуендеу және ым-ишарат арқылы, содан кейін буындар мен дыбысқа еліктеу арқылы. Кейінірек, ми жетілген кезде, сөздердің көмегімен.
Егер сөйлеу қабілетінің дамуы нормадан қалыс қалса
Әрине, сыртқы факторлар сөйлеуді дамытуға ынталандырушы және тежеуші ретінде әсер етуі мүмкін. Алаңдаушылыққа және үрейге салынып, мамандарға бармас бұрын, баланың сөйлеуге қатысты туындаған қиындықтары төменде келтірілген екі факторға байланысты еместігін зерттеп көріңіз.
Билингвалық сөйлеу ортасы
Егер нәресте бірнеше тілде сөйлейтін ересектердің ортасында өссе, оның сөйлеу дағдылары басқаша қалыптасады. Билингва балалар сәл кешірек сөйлей бастайды, алайда болашақта олардың танымдық функциялары құрдастарына қарағанда жақсы дамыған болады. Сондықтан, егер сіздің балаңыз көп тілді ортада болса, педиатрға және тәрбиешілерге оның сөйлеу дамуын бағалау кезінде осы маңызды факторды атап өтіңіз.
Сезімталдықтың жоғарылауы кезінде пайда болатын стресс немесе шамадан тыс сенсорлық жүктеме
Күнделікті кездесетін көптеген ақпаратты ересектер үшін де өңдеу қиын болуы мүмкін. Ал баланың жетілмеген жүйке жүйесі тітіркендіргіштер тым көп болған жағдайда оны қоршаған әлемнен «өшіруге» мәжбүр етеді. Бұл жағдайда сөйлеуді дамытудың тежелуі стресске және шамадан тыс жүктемеге қорғаныс реакциясы болып табылады. Әсіресе, мұндай реакция сенсорлық жоғары сезімталдығы бар балаларда жиі кездеседі.

Баланың қоршаған ортасы қаншалықты шамадан тыс жүктелгенін талдап шығыңыз. 3-4 жасқа дейінгі балалар тым көп нысандарға назар аудара алмайды, сондықтан олардан артық заттарды жасырған дұрыс. Төменде керемет әсер беруі мүмкін бірнеше қарапайым шаралар келтірілген:

  • Баланың көзі шалатын жерде тек бірнеше ойыншық пен кітап қалдырыңыз
  • Балаға барынша көбірек бос кеңістік беріңіз
  • Ықтимал шу тітіркендіргіштерін шектеңіз
  • Жеткілікті түрде ұйқы мен серуенге көңіл бөліп, дұрыс күн тәртібін құрыңыз

Қоршаған әлем бала үшін тым қарқынды болуын тоқтатқан кезде, ми даму үшін жаңа ресурстар жинау мүмкіндігіне ие болады.
ЖАСАУШЫЛАР
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ
online@daryndybala.kz
Whatsapp +77780171494

ХАБАРЛАСЫҢЫЗ
Нур-Султан, ЖК Holland, Әбубәкір Тыныбаев улица, 7
Караганда, ул. Луговая, 156-2
Караганда, Оазис микрорайон, 7
Караганда, 19-й микрорайон, 45Б
Караганда, Рахимова, 156
Караганда, Муканова, 3/2
КЕЛІҢІЗ