Мейірімді тіс дәрігерінің ата-аналарға берер 10 кеңесі

Ата-аналардың көбі «сүт тіс» жобасы екі кезеңнен ғана құралады деп ойлайды. Нәрестеде тісі шығар кезде ұйқысыз түндірді өткеру және балада ол сүт тістері түскен кезде бүлдіршіні оған сенердей етіп тіс перісінің рөлін ойнау. Шын мәніне келер болсақ, барлығы анағұрлым күрделірек.

Ересектердің басты міндеті – дамыту сабақтары және ойындары арқылы балада ауыз қуысына пайдалы дағдыларды қалыптастырып, гигиена және аурулардың алдын алуға жауапкершілік танытуды үйрету болып табылады. Бұл дағдыларды жарқын болашаққа салынған тиімді инвестиция деп білу керек. Адамның күлкісі әдемі болса, ол табысты тұлға ретінде әсер қалдырады. Былай қарасақ, шынымен де солай.
Ауыз қуысының сау болуы жақсы ас қорытумен тікелей байланысты. Яғни үйлесімді дене салмағын ұстау және өсу мен ой-өрістің дамуына қажетті барлық нәрлі заттардың ағзаға сіңуінде тістер үлкен рөл атқарады. Дұрыс қалыптасқан жақ сүйегі – әсем дене мүсіннің, тіпті бет терісінің сапасы жақсы болуының кепілі. Ол өз кезегінде әр адамның сымбатты болуына қосымша ұпай қосады. Әрбірден соң сау тістер келешекте қыруар ақшаңыз бен уақытыңызды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сүт тістердің тісжегісі уақтылы емделмесе, бұл дертке басқа сау тістер ұшырауы мүмкін қауіп бірнеше есе артатыны белгілі. Әрине, шіріген сүт тістер түсіп қалады, алайда тұрақты тістер патогенді ортада өсіп, шыға бастайды да, зақымдануға анағұрлым бейім болады. Сүт тістерін жұлып тастау немесе оның түсіп қалуы да дұрыс емес, себебі олар азу тіске арналған орынды «ұстап тұрады». Егер ауыз қуысында саңылау пайда болса, тістем (прикус) дұрыс қалыптаспайды, соның салдарынан тістер қисық өседі, баланың сөйлеуі өзгереді, шайнағанда, сәйкесінше, тамақ қорытуда қиындық туындайды.

Осындай жағдай туындамас үшін не істеу керек?

1. Баланың тісі жайлы жүктілік кезден бастап ойланып, қамына кірісу қажет

Адамның сүт тісі жатыр ішінде даму кезінде 6-10-шы аптада қалыптаса бастайды, ал тұрақты азу тістері 18-19 апталық жүктілік кезінде. Эмальдың минералдануы сәби дүниеге келген дейін де, туғаннан кейін де жалғаса береді. Сондықтан болашақ анаға жүктіліктің алғашқы үш айында тағамнан барынша нәрлі заттарды сіңіру маңызды болып табылады.

Сапалы эмаль қалыптасуы үшін бірінші кезекте кальций мен магний өте пайдалы. Бұл нутриенттермен ағзаны жапырақты аскөк және жасыл көкөністер, сүт өнімдері, жаңғақтар мен тұқымдар, тұтас дәндер қамтамасыз ете алады.

Бағдарламаның тағы бір маңызды бөлігі – жүктіліктің екінші үш айлығында тіс дәрігеріне қаралу. Негізі, ауыз қуысы ауруларын болашақ анаға жүктілік басталмай тұрып толықтай емдеп алған жөн. Алайда белгілі бір проблемалар қалып қойса, оларды босанғанға дейін емдеген дұрыс. Тісжегі – инфекциялық ауру, жәнеде ана мен баланың тығыз байланысы бактериялардың жұғу қаупін жоғарылата түседі.
2. Баланың бірінші тісі шыққан бетте балаларға арналған тіс щёткасын сатып алыңыз
Кәсіби стоматологиялық ұйымдар тіс щёткасын пайдалануды кейінге қалдырмауға кеңес береді: балаға бірінші тісі шыққан бетте щётка мен паста қажет. Бала иегін жарып шыққан алғашқы тістерді күніне екі рет, таңертең және кешке, тамақтан кейін жай ғана, қатты батырмастан сыпыру қозғалыстарымен тазарту керек. Балаларға арналған тазартқыш майлықтар мен саусаққа киілетін силикон щёткалар қаншалықты керемет көрінсе де, олар тіс өңезіне (налёт) қарсы тұра алмайды. Оларды жолға шыққанда қолданған дұрыс, бірақ күнделікті күтім жасау үшін сізге сәбидің жасына және мөлшеріне сәйкес таңдалған жұмсақ щётка қажет. Егер бала электр щёткасын көргенде аузын ашуға дайын болса, өте жақсы. Күнделікті түрде қолдансаңыздар, ол ең жақсы гигиенаны қамтамасыз етеді.
3. Құрамында минералдары бар тіс пастасын пайдаланыңыздар
Балалардың көбі күніне екі рет тіс тазалауды ұната қоймайды. Сондықтан ата-аналар тіс пастасын таңдағанда түрлі амалдарды қарастырады. Жидектер, пломбир немесе кока-кола дәмі бар тазартқыш құралдарымен тіс тазалауға балалар қуан келісуі мүмкін, алайда бұл жерде үлкен «бірақ» болады. Сүт тістердің эмалі – толық қалыптаспаған және минералдандыруды қажет ететін тін. Сондықтан қайта минералдандыратын және тісжегі пайда болу қаупін төмендететін пасталарды таңдаңыздар.

4. Пастаны барынша аз мөлшерде сығыңыз

Құрамына фтор кіретін әдеттегі пасталарда тұтынушыларды бұл тазартқыш затты жұтып қоймау керектігін ескертетін жазбалар болады. Алайда зерттеулер көрсеткендей, балалар айтарлықтай саналы тұтынушы болып табылмайды. Тіс тазалау кезінде олардың 30-дан 75%-ға дейіні пастаны жұтып қояды. Сондықтан Халықаралық балалар тіс дәрігерлерінің қауымдастығы (IAPD) ата-аналарға пастаның мөлшерін қадағалап отыруға кеңес береді. 0-ден 3 жасқа дейінгі балаларға щёткаға күріш дәніндей ғана паста жақса жеткілікті, ал 3-тен 6 жасқа дейін бұршақ секілді көлемде жағыңыздар. Бұл мөлшер минералдандыру үшін жеткілікті және бала үш рет осындай көлемде пастаны жеп қойса да, ағзасына зиян келмейді.


Алайда балаларға да, ересектерге де құрамында фтор жоқ тіс пастасын қолданған ең дұрыс шешім болып табылады. 2010-шы жылғы зерттеулердің қорытындысына сай, нақты тіске фторды жағудың артықшылығы бар дегенге күмәнмен қарауға болады.

5. Баланы суға әуес болуды үйретіңіз

Әлем бойынша алты жасар балалардың 20%-дан 90%-ға дейіні тісжегі ауруына шалдыққан, ал жасөспірімдер арасында бұл дерт орташа есептегенде 0,5-тен 3,5%-ға дейін байқалған. Инфекцияның етек жаюына адамның ауызында қышқыл орта басымырақ болуы ықпал етеді. Ауыз қуысында қылқыш орта тамақ ішкен соң, жиі тамақтанғанда, ұзақ ұйқыдан соң қалыптасады. Қышқылды кетірудің ең тиімді тәсілі қажетті мөлшерде сілекейдің түзілуі болып табылады. Егер бала жеткілікті түрде су ішіп отырса, сілекей өздігінен бөлініп отырады. Бұл ретте бала негізінен жай суды көбірек ішуі тиіс. Баламен уақыт өткізу үшін тағы бір тамаша идея – әрбір тамақтанған соң, тіскебасар жеген соң және түскі ұйқыдан кейін ауызын сумен шаюды үйрету.

6. Баланың тәттілермен танысуын кейінге қалдырыңыз

ДДҰ баланы ерте жаста, тым болмағанда екі жасқа дейін тәттіден аулақ ұстауға кеңес береді. Бұл тек семіздіктен сақтау үшін ғана қолданатын шара емес. Тәтті тағам ауыз қуысында патогенді флораның дамып, көбеюіне жайлы жағдай тудырады. Кішкентай балалар бір минуттан көп уақыт тіс тазалауды ұнатпайтынын, ауызын шая алмайтынын, ксилит қосылған пластинкаларды шайнамайтынын ескерсек, бүлдіршініңізді шоколад, тас кәмпит және басқа да тәттілермен таныстыруға асықпаңыз. Бұл тағамдардың қолжетімділігі мен сапасыз гигиенаны біріктірсек қазіргі заманғы балаларда тісжегі эпидемиясының өршіп бара жатқанының себебін түсінуге болады.
7. Түнгі уақытта тамақтанудан бас тартыңыздар
Оның да себебі дәл жоғарыда атап кеткендей – ауыздағы қышқыл ортаның қалыптасуы. Бұл ретте сүт, езбе, тоқаш және басқа да, тіпті керемет пайдалы деген тағамның өзі, ол ортаның қалыптасуына септігін тигізеді. Физиологиялық тұрғыда шамамен 6 айлық кезінде бала түнде тамақтанбай ұйықтай алатындай жасқа келеді. Дәл осы кезде бірінші тістері де пайда болады. Ұйқыға жатарда тісті тазалап болған соң айран, әсіресе шырын мен жеміс-жидек қайнатпаларын ішу – былайша айтқанда «бөтелкелі тісжегінің» дамуының негізгі себебі болып табылады.

8. Балаларға қытырлақ жемістер мен көкөністер беріңіз

Сәбіз, алма, қияр немесе балдыркөк құрамында дәрумендер болғандықтан ғана балалар үшін пайдалы деп ойламаңыздар. Қытырлақ жемістер мен көкөністер тіске өте пайдалы, себебі тістеу және шайнау кезінде олар тіс өңезін механикалық түрде тазартып, патогендік процесстердің даму қаупін төмендетеді. Бұған қоса, қатты тамақ баланың жақ сүйегі дұрыс қалыптасуы үшін қажет: шайнау кезінде бет бұлшықеттері қатайып, дұрыс тістем қалыптасуға сетігі тиеді. Тағы бір тамаша идея – балаларды дамыту орталығына, балалар клубына барғанда сәбиіңізге пайдалы қытырлақ тіскебасар салып беру.

9. Бала 7 жасқа толғанша ауыз қуысы гигиенасын сақтауын қадағалаңыз

Бұл жас нақты емес, алайда 7-8 жасында бала судың сарқыраған дыбысын пайдаланып, тіс пастасын жеп қоя салмай, өз бетінше тісін жақсылап тазалай алады. Әрине, егер сол уақытқа дейін ересектер оған щётканы дұрыс пайдалануды, гигиенаны мұқият сақтауды және тісін тазалап болған соң ауызын әбден шаюды үйреткен болса.

10. Баланың ешбір тісі ауырмаса да тіс дәрігеріне барып отырыңыздар

Әр елде баланы тіс дәрігеріне бірінші рет қашан апару керектігі туралы ұсыныстар бір бірінен ерекшеленеді. Алайда мамандар 9-12 айлық кезінде немесе балада 6 тіс болғанда апару керек дейді. Нәрестелерде тісжегі өте шапшаң таралып кетуі жәнеде аса қатты ауырмауы мүмкін. Сондықтан мамандар 3-4 айда бір рет тексерістен өтіп отыруды ұсынады. Бұл график тістің жағдайы өзгергенін дер кезінде байқауға және наркозбен емдеуге қарағанда анағұрлым қарапайым тәсілдермен ем өткізуге мүмкіндік береді.
ЖАСАУШЫЛАР
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ
online@daryndybala.kz
Whatsapp +77780171494

ХАБАРЛАСЫҢЫЗ
Нур-Султан, ЖК Holland, Әбубәкір Тыныбаев улица, 7
Караганда, ул. Луговая, 156-2
Караганда, Оазис микрорайон, 7
Караганда, 19-й микрорайон, 45Б
Караганда, Рахимова, 156
Караганда, Муканова, 3/2
КЕЛІҢІЗ