Бұл біздің елдің ғана емес, әлемнің басты мәселесіне айналғалы қашан? Тіпті, жаппай кітап оқуға байланысты қабылданып жатқан үндеу де, бағдарламалар да көп. Ал нәтижесі қалай? Бүгінде «Бір ел – бір кітап» жобасы көптеген елдерге кең тараған. Бұл жобаны Испания, Латын Америкасы елдері және Корея сияқты алпауыт елдер жүзеге асырды. Испандар «Жүз жылдық жалғыздық» романының авторы Габриэль Гарсиа Маркестің 80 жылдығына арнап оқу марафонын ұйымдастырған-ды. 2003 жылы Кореяда бірлесе оқуға, негізінен, балалар кітабы таңдалды. Ал ағылшындар 2006 жылы Жюль Верннің «Вокруг света за 80 дней» атты кітабын ел болып оқыды. Қазақстандық оқырмандар, яғни еліміздің кітапсүйер қауымы 2007 жылы Абайдың «Қара сөздерін», 2008 жылы М.Әуезовтің «Қилы заман» кітабын оқып, талқылады.
Қазақстандық «Бір ел – бір кітап» жобасының идеясы АҚШ-та өте танымал болған «Бір кітап, бір Чикаго» және «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса» деген кітапханалық жобаларына негізделген. Шартқа сәйкес бүкіл қала тұрғындары бір мезгілде бір шығарманы оқуға тиіс.
Ұлыбритания мектептерінің тәжірибесін негізге ала отырып, бастауыш сынып оқушылардың кітап оқу дағдысын қалыптастастыру мақсатында «Кітап оқу терапиясы» жобасын бастадық.
Мақсаты:
- бастауыш сынып оқушыларының әдеби кітап оқуға ынтасын арттырып, көңілінің көзін ашып, қызықтыру;
- оқушылардың сөздік қорын молайтып, байыту:
- кітап оқу арқылы ұстамдылыққа, өзін-өзі тәрбиелеуге, ұқыптылыққа, адам еңбегін бағалауға тәрбиелеу
Міндеттері:
кітап оқу арқылы алғыр ойлауға үйрету;
алған білімдерін тереңдету;
өзіне қажетті материалдарды табуды үйрету;
өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Жасалатын жұмыстың мазмұны:
1. Ата-аналармен, кітапханамен байланыс жасау;
2. Сыныпта кітапхана бұрышын ұйымдастыру;
3. Кітап оқудың маңызы, оқу мәдениеті, кітап оқу ережелерімен таныстыру;
4. Әр оқушының жас ерекшелігін ескеріп, білім көлеміне, сондай-ақ талғамына қарай көркем әдебиеттерді, балаларға арналған газет-журналдарды таңдап ұсыну;
5. Кітап оқу арқылы балаларды адамгершілікке, әдептілікке, ұстамдылыққа, ұқыптылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу жұмыстары.
6. Өз қалауынша оқыған кітаптарының есебін
«Оқырман күнделігіне» жазу
* Кітаптың не шығарманың аты;
* Авторы;
* Шығарманың кейіпкері;
* Оқып шыққан мезгілі;
* Қысқаша өз пікірін жазу;
7. Кітап оқуға қызықтыру мақсатында оқыған кітаптарының кейіпкерлері немесе көріністеріне суреттер салғызып, көрме ұйымдастыру.
8.
«Мен оқыған кітабым, саған да білім сыйласын» акциясы аясында оқыған кітаптарын өзара алмастырып оқыту.
9
.«Телефонды таста да, кітап оқуды баста !» акциясы оқушыларды гаджеттерден аластату мақсатында , үзілісте, сабақ алдында , бос уақыттарында оқу сағаттарын ұйымдастыру
10. Жыл соңында «Ең үздік жас оқырман» сайысын ұйымдастыру.
Биылғы жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр. «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» ұранымен танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік туындысы таңдалды. Балалар әдебиетінен балалардың сүйікті жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың «Жекпе-жек», Марат Қабанбайдың «Жиһангез Тити » әңгімесін оқу ұсынылып , талдау жүргізілді. Кітапханадан бәріне бірдей кітап жетпей қалу мүмкіндігін ойлап, онлайн платформа
https://kitap.kz/book/ulpan арқылы оқу ұсынылды. Сыныпта аудио жазбасын тыңдадық.
Оқушылар цифрлық платформаларды пайдаланып ,оқыған кітаптары туралы онлайн-ресурс падлет тақтасында орналастырды.