Балаңыз мультфильмді қалай көреді?

Сіз қауырт жұмыстарыңызды жасап жатқанда, балаңыз теледидар алдында отырып, өзі көреді ме? Мүмкін балаңыз сіз оның жанына отырып, мультфильмді бірге көргенін қалайтын шығар? Себебі бұл ата-ана қамқорлығы болып табылады.


Айта кетері – мультфильмді бірге отырып көруді тек қызықты ғана емес, баланы дамытуға арналған жаттығу ретінде қарастыруға болады. Ол үшін сәбидің дамуына және әлеуметтенуіне септігін тигізетін, сондай-ақ бала мен ата-аналардың арасындағы психологиялық қарым-қатынасты нығайтатын мультфильмдер таңдау қажет.
Ал сіз психологтардың пайымдауынша, жеті жасқа толған балаға үзіліссіз екі сағат бойы толықметражды мультфильмдерді көруге рұқсат етілгені жайлы білесіз бе? Егер бұл баланың көзіне және психикасына әсер етеді деп санасаңыз, арасында үзіліс жасап, маңызды ерекшеліктерге көңіл бөле отырып, оқиға желісін талқылауға болады.

Ал 2 жастағы баланың дамуында электронды құрылғылар пайдалануға болмайды. Ешқандай тәлім-тәрбиелі мультильмдерді, әндерді, роликтерді көрсетпеңіздер. Қысқасы, баланы экранға жолатпауға тырысыңыздар. Мамандардың айтуынша, ол баланың дамуын тек психологиялық қана емес, сонымен қатар интеллектуалды және физикалық тұрғыда тежейді!

Адамның миы бірінші жылдары аса ерекше жылдамдықпен дамиды. Алғашқы үш жылда, былайша айтқанда, негіз қаланады, сондықтан ол негіз тұрақты және сапалы болғаны дұрыс. Ол үшін бала әрдайым қозғалыста, қоршаған әлемді зерттеуден жалықпайтын, белсенді зияткерлік ойындарға қатысатын, басқа адамдармен қарым-қатынас құра алатын болуы тиіс. Кез келген гаджеттер баланың миын тәуелді қылып, белгілі бір уақытқа өшіріп тастайды десек те болады.

Міне, сондықтан да балаға мультфильм көруге сәл ересектеу кезінде ғана рұқсат беруге болады, жәнеде бұл ретте өте абай болып, көрсетілімдер уақытын біртіндеп қана ұлғайтып отырған абзал.
Мульфильді көріп болған соң талқылаймыз
Сонымен, бала мультфильм көретін жасқа жетті. Сәбиіңізбен бірге отырып көрсетілімді тамашалайсыздар. Бұл жерде басты шарт – экраннан көргендеріңізді қызу талқылау. Сюжет желісін мультфильмді көріп отырғанда үзіліс жасап, немесе көрсетілім аяқталған соң бірге талқылаңыздар.

Бұл ретте жай ғана «саған ұнады ма?», «не ұнады?» деген сұрақтар жеткіліксіз. Талқылау барысында баланың зияткерлік ой-өрісін де, әсерін де оятуға тырысыңыз. Тереңірек қазбалай түсіңіз: тек сюжет туралы ғана әңгіме өрбітіп қоймай, бас кейіпкердің мінезінің ерекшеліктерін, оның әрекеттерін, басқа кейіпкерлермен қарым-қатынасын талқылаңыз. Қызықты диалог құруға келесі сұрақтар көмектеседі: «Бұл жайғдайда кейіпкер дұрыс жасады деп санайсың ба? Ол басқаша істей алар ма еді? Басқа амалдары болды ма? Ал сен не істер едің? Неліктен? Сенің осындай досың болғанын қалар ма едің?». Және де ең бастысы – балаңыздың берген жауаптарын мұқият, назар салып тыңдаңыз.
Дұрыс әрі құрылымды диалог құру
Бір өте маңызды нәрсені естен шығармаңыздар: сіздің балаңыз – бірегей тұлға, жәнеде ол кез-келген мәселеге қатысты өз пікірін ұстануға құқылы. Оның ойы сіздікімен сәйкес келмеуі мүмкін, мұнда тұрған ешетеңе жоқ. Сондықтан өз лексиконыңыздан «Саған мұндай кейіпкер қалайша ұнамауы мүмкін?», «Сен әзірге кішкентайсың, сондықтан ештеңе түсінбейсің» деген сөздерді алып тастаңыз.


Егере бала шынымен де бір нәрсені түсінбей қалса, маңызды бір жайтты елемей қалған болса, жай ғана сәйкес келетін сұрақтар қою арқылы немесе байыппен түсіндіріп айтып беріңіз. Әйтпесе, сіз ендігәрі балаңызбен бірге мультфильм көруге құштарылығын, әрісере оны бірге отырып талқылауға ниетін су сепкендей сейілтесіз. Сәбиіңіз мүлдем ештеңе түсінбей қалуы мүмкін емес. Олай болған күннің өзінде де, не болмаса сіз дұрыс таңдау жасамадыңыз, не болмаса мультфильм көруге дұрыс уақыт таңдамадыңыз.
Баланың қызығушылығын ескереміз
Егер сіз таңдау мүмкіндігі тек ересектер үшін ғана мыңызды деп ойласыңыз, өте қателесесіз. Тым қатты шектеулермен өсіп келе жатқан бала солып қалған гүл іспеттес. Олар ата-аналарына өз армандары, қалаулары мен қызығушлықтары туралы айтуға жасқанады. Ал қателіктері туралы мүлдем тіс жармауға тырысады. Еркіндік ересектерге қаншалықты маңызды болса, балаға да соншалықты маңызға ие. Бұл жерде еркіндікті жауапсыз бассыздықпен шатастырмаңыздар.


Алайда мультфильм таңдау кезінде жеті жастағы бала ойланған және ақылға салған шешім қабылдай ала ма? Ал егер ол өз жасына сай келмейтін фильм таңдаса не істеу керек? Сіздің міндетіңіз – баланың кез келген шешімі дұрыс болатындай етіп оның таңдауына шектеу қоя білу. Сондықтан одан не қалайтынын сұрағанның орнына, «Бүгін не көреміз: «Патша арыстанды» ма, әлде «Валли» ме? Сен қалай шешесің, сол болады» деп айтқан жөн. Бір жағынан сіз шектеу қойдыңыз: не біріншісін, не екіншісін ғана таңдайтындай етіп. Бірақ баланың көз алдында басқа картина: сіз оған таңдау мүмкіндігін бердіңіз, ол өзі шешім қабылдайды, ал сіз онымен келісесіз.


Егер ата-аналар баласына сәби кезінен дұрыс мөлшерде қажетті еркіндік беріп отырса, келешекте «жасөспірім бүлігінен» аулақ болуға мүмкіндігі болады. Ол үшін алдын ала дайындалған жөн: баланы шектен тыс қорғаштаудан және толығымен қадағалаудан бас тартыңыз.
Әр нәрсенің шегін білу керек
Баланың мұндай ойын-сауыққа деген қызығушылығы жоғалып кетпеуі үшін аптасына ең көбі 1-2 рет кино сеанстарын ұйымдастырыңыз. Баланың көңілін аулау үшін күнделікті түрде «Смешариктерді» қосып бергеннен гөрі, бір ұзақ мультфильмді сапалы түрде(эмоционалды түрде және назар салып көру, соңында оны желісін талқылау) көрген артық. Мультфильмдерді бірге көруді екеуіңіздің жақсы дәстүрлеріңізге айналдырыңыз. Немесе көрсетілімді бүкіл отбасымен ұйымдастырып отырыңыздар. Бұл бір тамаша отбасылық дәстүрге айналуы мүмкін.
Талғамды ерте дамыту. Дұрыс контент таңдаймыз
Сіз тек жоғары сапалы анимацияны көруге мүмкіндік беретін ең қатал және талапшыл цензорсыз: балаларыңыз үшін қызықты және пайдалысын таңдайсыз. Біз сіздер үшін кинематографияның «Алтын қорына» кіретін ең танымал және мейірімді мультфильмдерді жинадық:

Әлеуметтік мәнмәтін, немесе мультфильмдер тағы несімен пайдалы болуы мүмкін
Дұрыс таңдалған мультфильмдер балаға әлеуметтік жүріс-тұрыс нормаларын игеруге көмектеседі.

«Мейірімді және адал болу керек», «ата-аналардың айтқанын тыңдау маңызды», «достарды сатып кетуге, опасыздық жасауға болмайды» деген жалпы шындықтар қызықты оқиға түрінде берілсе, балаға оларды түсіну және қабылдау оңайырақ болады.

Ал белгілі бір тәлім-тәрбие беретін мультфильмдер баланың бойында тарихқа, математикаға, спортқа, техникаға деген қызығушылықты дамытуға көмектеседі немесе кейбір дағдылар түрінде тәжірибелік пайда әкеледі. Мультфильмдердің құндылығы– ол кішкентай балаға кез-келген әрекеттің салдары болатынын және ол үшін жауапты болу туралы ойлануы керек екенін айқын көрсетеді.
ЖАСАУШЫЛАР
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ
Онлайн-өнімі туралы: online@daryndybala.kz
+7 778 017-14-96 (Whatsapp)
Балабақша туралы:
+7 778 017-14-94 (Whatsapp)
ХАБАРЛАСЫҢЫЗ
Нур-Султан, ЖК Holland, Әбубәкір Тыныбаев улица, 7
Караганда, ул. Луговая, 156-2
Караганда, Оазис микрорайон, 7
Караганда, 19-й микрорайон, 45Б
Караганда, Рахимова, 156
Караганда, Муканова, 3/2
КЕЛІҢІЗ