Осыны түсіне отырып, тәжірибелі және ілгері қадам басатын озық ата-аналар балаларды ерте оқытудың ең тиімді әдістерін таңдайды, олардың арасында балалар миын зерттеу саласындағы ең үздік маман Глен Доман әдісі өте танымал. Сонымен, бұл қандай әдіс және оның мәні неде?
Назар аударыңыздар, бұл ретте біз даму емес, оқыту туралы сөз қозғап отырмыз.
Дүниеге келген күннен бастап адамның миы қоршаған әлемді барлық мүмкін және қолжетімді құралдармен танып-білуге бейім болып келеді. Оның осы ерекшелігін қолдана отырып, Доман әдісі жоғары интеллект деңгейінің дамуына негіз қалауға, білімге деген құштарлықты қалыптастыруға, ерте жастан бастап-ақ ана тілінде және шет тілінде керемет жетік оқи білуді үйретуге мүмкіндік береді.
Аталмыш әдістеме үшін арнайы оқыту карточкалары әзірленді. Оларда заттың бейнесі және оның мағынасын білдіретін жазба сөз бар. Олар екі тілде – қазақ және ағылшын тілдерінде жалпы тақырыппен біріктірілген жиынтықтар түрінде ұсынылған. Мысалы: «Әлемнің 100 елі», «Жануарлар», «Отбасы» және т. б.