Аталар эволюциясы мен әжелер революциясы

Дәстүр бойынша, қазақстандық отбасылық тәртіп қағаз бетіне жазылмаған ережелерге бағынады. Мысалы, кенже ұл ата-анасының үйіне келін түсіріп, шаңырақтың ошағын сол келін тұтатады. Ал ата мен әже қауқары болғанға дейін үйдің иелері болып саналып, отбасылық өмірдің белсенді мүшелері деп танылады, ал қартайып, әлі кеткенде, атасы мен әжесін балалары мен немерелері асырайды. Бұл ұрпақтан-ұрпаққа тарап келе жатқан дәстүр десек те болады.
Әрине, ХХ ғасыр бұл дәстүрге де өз түзетулерін енгізді. Әйелдер жұмыс істей бастады. Жұмысбасты аналарға көмекке балабақша, мектептен кейінгі «ұзартылған күн» топтары, үйірмелер, спорт секциялары, дамыту орталықтары, балалар клубтары және тағы да басқа қосалқы білім беру орталықтары көмекке келе бастады. Зейнетке шыққан соң аталар мен әжелер немерелерін балабақшадан, мектептен қарсы алып, жазғы демалыстарда ауылдарына алып кетіп, өскелең ұрпақты тәрбиелеуші рөлін атқара бастады.

Алайда белсенді ХХ ғасырды өте қарқынды ХХI ғасыр алмастырды. Адамзат жасара бастады, адамдар көбірек өмір сүре бастады. Көптеген аталар мен әжелер зейнеттік жасқа жетсе де, әлі де белсенді түрде жұмыс істеуін тоқтатпады. Оған көптеген мысалдар себеп болып отыр: материалдық мәселе, кәсіби тұрғыда сұранысқа ие болу, жеке бизнес және т.б. Сондықтан жұмыс істейтін ата мен әжелер жас отбасыларға көбіне бала тәрбиесінде емес, материалдық тұрғыда көмек көрсетеді. Бұл ретте ата-әжелер немерелерін тек мерекелік шараларда немесе демалыс күндері ғана көреді.

Қазіргі заманның тағы бір ерекшелігі бар. Көп ата-аналар өздерінің есейіп кеткен балаларына қамқорлық етуді тоқтатпайды. Әдетте, олар өздерінің ата-аналық міндеттерін орындаудан шаршап, жалығып, баласы өз отбасын құрып, кішкентайлы болғанда, сол немерелерін бағып-қағуды өз мойнына жүктеуге асықпайды.

Балаларының алдында барлық міндеттерін орындап болдым деп ойлайтындар да болады. Енді өз балаларының өсіп-жетілуіне өздері жауап беретін кез келді дейді олар. Әдетте, мұндай аталар мен әжелер немерелерімен қалуды ұната қоймайды және олармен қарым-қатынастарын барынша азайтуға тырысады.

Сондай-ақ аталар мен әжелердің немерелерімен үйлесімдігі мәселесі өзекті болып табылады. Екі ұрпақ арасында бір-бірін қабылдамау үрдісі болғандықтан, үлкендер балаларды түсінгісі келмейді, ал өскелең ұрпақ оларды түсіне алмайды. Аталмыш жағдай қаншалықты өрескел көрінгенімен, жас ата-аналарға оны дұрыс қабылдап, сабырлық танытқан жөн. Себебі еш жерде аталар мен әжелер міндетті түрде немерелерін, ал немерелер ата-әжесін жақсы көру керек деген ереже жазылмаған ғой.

Кейде ішкі қарама-қайшылықтар да кездеседі. Әсіресе егер жас отбасы баласын өз әдістемесі бойынша тәрбиелесе. Мысалы, діни, вегетариандық принциптер немесе басқа да сенімдер бойынша, Сондықтан да жас отбасы мен олардың ата-аналары арасында шиеленістер пайда болуы мүмкін. Ол тіпті атасы мен әжесінен немерелерін алшақтатуға дейін барады. Иә, әрине, аталар мен әжелер немересін тәрбиелеуде баласымен бәсекелесуге тырысатын кездер де болады, олар өздерінің тәрбие әдістері дұрыс деп санап, баланың ата-анасының пікіріне құлақ аспауы да мүмкін. Алайда қайткенмен де баланы ата-әжесінен ажырату, әсіресе олардың арасында тығыз әрі жылы қарым-қатынас болғанын біле тұра көрістірмеу – шекті шара. Бұл қадамға тек үйдегі қарияларда психикалық ауытқу немесе баланың өміріне қауіп төндіретін дағдылар болса ғана баруға болады.

Аталар мен әжелердің жас отбасымен қарым-қатынасы заман өзгерген сайын түрленіп барады. Бұл ретте бір-бірлерімізге икемділік танытып, отбасында жайлылық пен жылу болуы үшін бір-бірлеріңізге өкпе-реніштеріңізді білдірмей, тату өмір сүруге тырысу қажет. Жас ата-аналар әжелер мен аталар олардың балаларына күтуші болып, өз алтын уақыттарын баланы дамытып, тәрбиелеуге жұмсауға міндетті емес екенін түсінулері қажет. Ал қарттар жаңа отау құрған отбасына өздерінің қатып қалған қағидалары мен пікірлерін ұстануға күштемей, жас ата-анаға сәбиін дұрыс тәрбиелеуге көмектесулері тиіс.

Барлықтарыңызға шаттық пен махаббат тілейміз!

ЖАСАУШЫЛАР
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ
Онлайн-өнімі туралы: online@daryndybala.kz
+7 778 017-14-96 (Whatsapp)
Балабақша туралы:
+7 778 017-14-94 (Whatsapp)
ХАБАРЛАСЫҢЫЗ
Нур-Султан, ЖК Holland, Әбубәкір Тыныбаев улица, 7
Караганда, ул. Луговая, 156-2
Караганда, Оазис микрорайон, 7
Караганда, 19-й микрорайон, 45Б
Караганда, Рахимова, 156
Караганда, Муканова, 3/2
КЕЛІҢІЗ