Бала-бақшадағы буллинг

Аға буын үш жасар балалар күйзеліске түспейді деп жиі айтады, бірақ қазіргі ата-аналар бұнымен келіспейді. Мектеп жасына дейінгі балаларда агрессия мен мазасыздық қалай және неге пайда болады.
«Стресс» деген не және ол қайдан пайда болады?
«Стресс» сөзі қазіргі кезде сәнге айналды. Бірақ шын мәнінде, стресс пен оның салдары жайлы стресспен бетпе-бет келгенге дейін көбісі ойламайды.

Ғылыми тұрғыдан алғанда, стресс - бұл адам өмірінің алғашқы күндерінен бастап жүйке кернеуімен бірге жүретін табиғи физиологиялық реакция. Сондықтан балалар да үлкендер сияқты күйзеліске түсуі қалыпты жағдай. Баланың бала-бақшаға, даму курстарына немесе басқа да мектепке дейінгі үйірмеге баруы оның өмірінде де, ата-анасының өмірінде де жаңа кезең – барлығы стрессті бастан кешіреді.

Жалпы, «стресс» сөзі адамның төтенше жағдайда - физиологиялық, психологиялық және мінез -құлық деңгейіндегі күйін сипаттау үшін қолданылады. Көбінесе күнделікті өмірде балалар мен үлкендер физиологиялық немесе психологиялық күйзеліске ұшырайды.

Психологиялық стресс ақпараттық және эмоционалды болады. Ақпараттық стресс ақпараттың шамадан тыс артуы кезінде - бала тапсырманы шеше алмай жатқанда, дұрыс шешім қабылдауға үлгермей жатқанда пайда болады. Эмоционалды стресс қауіп-қатер немесе реніш сияқты эмоцияларға қатысты жағдайда пайда болады. Балалар бала-бақшаға барғанда дәл осындай эмоционалды стрессті сезінеді. Стресс – ағзаның әдеттенген, үйреншікті шарттарына сай емес талаптарға жауап қатуы. Өйткені бұл талап бұрын-соңды болмаған жаңа дүние болғандықтан, адам жаңа жағдайға бейімделеді.
Бала-бақшаға бейімделу кезінде балада стресс пен қиындықтардың барын қалай түсінеміз

Барлық мамандар бейімделу шамамен үш айға созылатынын растайды. Бірақ біреулер үшін бейімделу кезеңі байқалмай қалуы мүмкін, ал енді бала-бақшаға мүлде үйрене алмайтын балалар да бар. Балада жаңа жағдайда өзін ұстаудың әлеуметтік орта тәжірибесі мен дағдылары жоқ. Ол үйде, анасы мен әкесінің жанында болды, бірақ, кенеттен ол өзі сияқты балалардың ортасына тап болды (қазіргі мемлекеттік бала-бақшаларда бір топта 45 адам болуы мүмкін) және тек бір тәрбиеші.

Бейімделуді психология тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда басында-ақ балалардың жанында әлеуметтік педагог, психолог, және тәрбиешілер болуы керек. Бейімделу кезеңінің басында - әдетте үш айға созылатыны бекер емес - әр топта екі тәрбиеші жұмыс істейді. Көптеген бала-бақшаларда балаларды алдымен бір сағатқа, содан соң екі сағатқа, кейін түскі асқа дейін, кейін түскі ұйықтатуға қалдыруға болады. Бұл сәтті бейімделуге көмектеседі.


Стресс белгілері екі жасқа дейінгі балаларда да, үш жастан бес жасқа дейінгі балаларда да кездеседі.

Стресс белгілері сәл өзгеше болуы мүмкін, бірақ жалпы ұқсас боп келеді. Егер сіз осы белгілерді байқасаңыз, алаңдағаныңыз жөн. Үш жастағы балалар тым талапшыл болуы мүмкін, бала-бақшадан кейін ашулануы мүмкін немесе керісінше - шаршаған сәтте эмоционалды көтеріліс сезінуі мүмкін.

Тіпті, бейімделу кезеңінде кейбір балалар «балалық шаққа оралуды» сезінеді, мысалы, бала өзінің ескі емізігін тауып, оны тынышталу үшін қолданады немесе еріксіз дәрет сындырып қояды. Балалық қорқыныштар пайда болуы мүмкін. Бала: «Мен ұйықтап қалудан қорқамын, себебі мен өлуден қорқамын», - деп айтуы мүмкін. Ол бір жерден бұл сөзді естіп, шошып кеткен болуы керек.

Ата-анаға, үй жануарларына, інілері мен сіңлі-қарындасына, ата-әжелерге қарсы сыртқы агрессия жиі болуы мүмкін. Сөйлеуде ақаулар пайда болуы мүмкін. Егер баланың бұрын сөйлеуде ешқандай ақауы болмаған болса немесе бірқандай ақаулар болса, енді олар нашарлана түсуі мүмкін. Немесе ата-аналар белсенділіктің артқанын байқауы мүмкін. Бала-бақшадан келген бала өзін әлі де өте шулы ұстайтын болса, онда біз «олар күні бойы бір орында отырды» немесе «олар далаға серуенге шықпады» деп айтамыз. Шындығында, бұл стресс белгілерінің бірі.

Балаға стрессті жеңуге қалай көмектесеміз
Біріншіден, егер сіз баланың іс-әрекетінде, қылықтарында өзгешеліктер байқасаңыз, психологқа барудан қорықпаңыз. Бала-бақшаларда психологтар бар. Мысалы, барлық «Дарынды бала» бала-бақшаларында өте жақсы және сауатты мамандар бар. Кездесуге жазылып: «Мен баланың мінез -құлқына алаңдаймын», - деп ашық айтуыңызға болады.

Баланы маманға апарудың еш айыбы жоқ. Психолог кейбір деректерді жинап, тест жасайды, баламен сөйлеседі және оған осы кезеңде көмектесу үшін сізге не істеу керектігін айтады. Балалардың 80%-ы бейімделу кезеңін жақсы өтеді - бұл үш айға дейін немесе үш айдан кішкене ұзақ уақытқа созылуы мүмкін.

Мектеп жасына дейінгі балаларда агрессия қалай және неліктен пайда болады

Кішкентай балаларда агрессия өзін-өзі растаумен (өзін дәлелдеумен, көрсетумен) қатар жүреді. Агрессивті мінез-құлық, қырсығу, жылау арқылы бала ата-анасын немесе басқа үлкендерді «беріктікке» сынайды және әрі қарай асуға болмайтын шекті анықтайды. Шындығында, отбасы үшін бұл өте қиын кезең. Бұндай сәтте ата-ана бірден баланы осы қылығы үшін жазалағысы кеп тұрады. Бірақ бұлай жасамаған жөн. Бұл кезеңде аналар мен әкелер нағыз ата-аналық емтиханынан өтеді деп айта аламыз – егер олар дұрыс әрекет етпесе, баланың мінез-құлқы өзгермейді.

Сондықтан баланың агрессивті күйіне тап болған үлкендер бұның себептері туралы ойлануы керек. Агрессивті қылықтың біз байқамайтын себептері бар. Мысалы, қорқыныш. Ата-аналар баланың қазіргі уақытта неден қорқатынын білмеуі мүмкін немесе оның қорқынышын елемеуі мүмкін.

Біз балаға қорқынышты боп көрінетін нәрсені ойлама деп өтінгенмен оның қорқынышы сейіліп кетпейді. Бұған немқұрайлы қарамай, бұнымен нақты жұмыс жасау қажет. Тыйымдар да агрессия тудыруы мүмкін. Айталық, бала жақында бала-бақшаға барды, ал ата-анасы ол кәсіби спортшы болады деп шешті. Таңертеңгі сағат алтыдан жетіге дейін балада спорт жаттығуы, содан кейін балабақша, оны түскі астан кейін, ұйықтатпай, басқа жаттығуға тағы апарады. Оның ойнау түгілі, не болып жатқанын ойлап, түсінуге де уақыты жоқ. Бұл да агрессивті мінез-құлыққа алып келуі мүмкін.

Тағы бір мәселе – ата-ана арасындағы жанжал. Ешқандай жағдайда балалардың көзінше жанжалдасуға болмайды. Осыдан кейін бала тек дұшпандық пен шабуылды күте бастайды. Кез-келген дұрыс емес нәрсе істеп қойғанда бала ойлайды: анам дұрыс емес нәрсе істегенде әкем анама ашуланып, дауыс көтерсе, демек маған да айқайлап, тіпті, ұрып жіберуі мүмкін. Үнемі жанжалдасатын ата-анадан бала барлық қателіктерін жасырады және бұл патологиялық өтірікке айналуы мүмкін.
Бала-бақшада буллинг мүмкін бе?
Соңғы отыз жыл буллинг мәселесіне көп көңіл бөлінді. Бірақ отандық мамандар бұл құбылысқа кешенді зерттеу жүргізген жоқ, ол екі бөлім ретінде қарастырылды - агрессия мен зорлық. Біздің елде бұл үрдіске тек мектеп оқушылары мен жасөспірімдер ғана бағынады деген пікір бар. Шын мәнінде, буллинг бала-бақшаға бейімделгеннен кейін балалардың достары пайда болған кезде басталуы мүмкін.

Көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларда зорлық-зомбылық жеке әрекеттерде кенеттен жасалады. Бұл құбылысқа тән ерекшелік – өздігінен еркіндік. Мектепке дейінгі жаста бала әлі арамдық ойластыра алмайды. Ол өзінің іс-әрекетін толық білмейді және оның салдары туралы ойламауы мүмкін. Яғни, үнемі себепсіз агрессивті әрекет ететін суперконфликтті балалар жоқ. Көбінесе, егер бала өзін осылай ұстаса, оның себебі отбасынан шыққан біреудің немесе басқа авторитарлық ересек адамның мінез -құлқы болуы мүмкін, оның мінез -құлқын ол көшіріп ала бастады.

Сонымен қатар, біз буллингтан немесе агрессиядан зардап шеккен жақ туралы айтатын болсақ, үш жасар балалар үндемей қалуға немесе жауап бермеуге болатынын түсінбейді. Олар үшін агрессивті жауап қатуы табиғи болып табылады. Тек алты-жеті жасында ғана кейбір балалар оны ренжіткен жағдайда ұрысудың қажеті жоқ, тұрып, кетіп қалуға болатынын түсіне алады.
Баланың жанжалына ересек адам араласа ала ма

Белгілі бір жаста бала жанжалда өзін тиімді ұстай бастайды - 4-5 жастан бастап. Осы жасқа дейін қақтығыстарды үлкендердің алдын алғаны дұрыс. Ал мектепке дейінгі балалардың даулары туралы айтатын болсақ, онда олар өз еркімен жанжалға араласып, өз еркімен одан шыға алады. Алайда, егер олар қалай дұрыс жасау керектігін білмесе, онда мәселені тыныш шешілмейді. Бала-бақшаларда жанжал көбінесе балалар бір нәрсені бөліспегендіктен, мысалы, ойыншыққа таластан болады.

Ата-аналар да, тәрбиешілер де балалармен қақтығыстық туралы сөйлесуі керек. Бұндай жағдайда өзіңді ұстау туралы үйрететін тәрбиелік мәні бар көптеген ойындар мен мультфильмдер бар. Ең алдымен, дау басталған сәтте жанжалдасқан балалардың қасына барып, олар таласқан затты алыңыз (немесе дауға әкелген жағдай туралы сөйлесіңіз), екі жақтың да ойын, пікірін, сезімдерін тыңдаңыз. Сіз жағдайды шешкеннен кейін, екі бала бұл нәрсе екеуіне де жақсы емес болғанын түсінеді. Ал осыдан кейін оларды ымыраға келтіруге болады: «ол бұл ойыншықпен бес минут ойнайды, сосын саған береді. Екеуің кезекпен ойнаңдар». Егер олар таласқан ойыншық бірнешеу болса, балаларға ұқсас ойыншықтармен бірге ойнауды ұсынып көріңіз.
ЖАСАУШЫЛАР
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ
Онлайн-өнімі туралы: online@daryndybala.kz
+7 778 017-14-96 (Whatsapp)
Балабақша туралы:
+7 778 017-14-94 (Whatsapp)
ХАБАРЛАСЫҢЫЗ
Нур-Султан, ЖК Holland, Әбубәкір Тыныбаев улица, 7
Караганда, ул. Луговая, 156-2
Караганда, Оазис микрорайон, 7
Караганда, 19-й микрорайон, 45Б
Караганда, Рахимова, 156
Караганда, Муканова, 3/2
КЕЛІҢІЗ