Ұзақ стресстің салдарынан ол ашулы және агрессивті болады. Сондықтан, ең алдымен, өзіңізге назар аудару, демалу, және көңіліңізді басқа заттарға ауыстыру қажет. Өзіңізді ұстай алмайтыныңызды және балаға ашуыңызды білдіретініңізді сезген жағдайларда бөлмеден шығып, көңіліңізді аулау үшін әрекет жасаған дұрыс: балконға шығып, таза ауа жұтыңыз, жатып, демалыңыз музыка тыңдаңыз, балаларға теледидар қосып, сериалдың бір сериясын көріңіз. Мейлі, балалар бөлмеде жалғыз отырса да болады, бастысы олар қауіпсіз ортада болса жарайды.
Бұл ретте кітап оқу өте жақсы көмектеседі. Көбірек оқып, не болмаса аудиоформатта тыңдаған дұрыс. Спорт та күйзелісті төмендетуге және ашуды басуға септігін тигізеді: балаңыз ұйықтап жатқанын пайдаланып, бейнероликер қосып, йогамен айналысыңыз.
Егер бала тыңдамаса немесе естімесе және бірнеше рет қайталау қажет болса, баланың назарын өзіңізге аударатын бір ерекше тәсіл ойлап тапқан жөн. Кейде балалар аудио ақпаратты қабылдамайды. Ондай кезде сәбиіңіздің жанына тақалып, тізерлеп отырып, көзіне қарап, айтқыңыз келгенді жеткізу керек. Сол кеде бала біздің әлемге оралып, ести бастайды.
Баладан: «Сен мені естідің бе? Түсіндің бе? Мен не айтқанымды қайталашы» деп сұрауыңызға болады. Балаларда қабылдаудың барлық жүйелері жеткілікті түрде қалыптаспайды, сондықтан олар көбінесе нұсқауларды қабылдамайды. Бұл анаға, оның тиімсіздігіне немесе мінез-құлқындағы қателіктерге байланысты емес. Бұл баланың дамуы мен оның қабылдау ерекшеліктері.