4. «50 minutes Kids cartoon Dialogues» (50 минут балалар диалогы)
Осы қысқа мультфильмдерде белгілі бір оқиға желісі емес диалог болады. Кейіпкерлер -Күлбикеш, Буратино, Питер Пен және басқа да балаға таныс ертегі кейіпкерлері. Олар «Бұл не?», «Қазір сағат неше?» «Бұл сенікі ме?» деген қарапайым сұрақтарды қояды. Жауап ауызекі тілде болғанымен сөзтіркестерін жаттауға оңай.
«Пеппа торайды» білмейтіндер кемде-кем шығар. Кейіпкерлерге арналған ойыншықтар да аз емес. Бұл мультфильм тіл үйренуді бастаған балаларға формулалық лексиканы үйренуге қолайлы. Айтылған сөздер бірнеше рет қайталанады. Бұл мультфильм тек ағылшын тілін ғана үйретіп қоймайды, Пеппа торай 40-тан астам тілге аударылған.
7. «PuffinRock»
Бұл ирланд мультфильмі арқылы табиғат пен қоршаған орта тақырыбындағы сөздерді үйренуге болады. Кейіпкер тығырыққа тіреліп, мәселенің шешімін табады. Сүйкімді құс орманға серуенге барып, жолда басқа жануарлармен танысады. Табиғи құбылыстар туралы көп нәрсе үйренеді. Мультфильмдегі барлық жануарлар өте сүйкімді, сондықтан ересектердің өзі олардан көз жазбай қарауы мүмкін.
8. «Start English» (Ағылшын тілін баста)
Екі минуттық эпизодтарда кішкентай бала қоршаған әлеммен танысады: сурет салуды және түстерді ажыратуды үйренеді. Хайуанаттар бағына барады, өзіне дос табады. Тақырып бойынша сөздер екі рет қайталанады: алдымен сөйлемде, содан кейін суретпен бөлек беріледі. Сол арқылы балаға сөзді тақырыппен байланыстыру оңай болады.
9. «Simon» (Саймон)
Симон қоян, оның отбасы және достары туралы мультфильм ағылшын тілін жақсы түсінетіндерге арналған. Кейіпкерлер тез сөйлейді. Сериалдың сюжеті күнделікті жағдайларға арналған. Мысалы, достармен ойын, бассейндегі жаттығу кезіндегі бір-бірімен сөйлесу. Қарапайым болғанымен күнделікті пайдаланатын лексика көп кездеседі.
10. «English Animated Stories for Kids» (Балаларға арналған ағылшын мультфильмдері)