Дамуның тарихы
«Дарында Бала» көшбасшылықты дамыту орталығының» дамуына бағытталған алғашқы материалдық және моральдық инвестициялар 2013 жылдан бастау алады. Бірінші кезекте, арнайы стандарттар мен әдістемелік құжаттар әзірленді. Ал жобаға серпіліс берген іргелі бастамалар 2014 жылға тұспа тұс келеді.
2014 жылы «Дарында Бала» көшбасшылықты дамыту орталығы» мемлекеттік грантқа қол жеткізді.
2016 жылы алғашқы балабақшаның негізі қаланып, 45 орынға арналған мемлекеттік тапсырыс келді. Бірнеше айдан кейін 150 және 250 орынға арналған екінші балабақшаның негізі қаланды.
2018 жылы 350 орынға арналған көптен күткен Майқұдықтағы филиал ашылды. Дәл осы жылы Еуропа қайта құру және даму банкінің бизнестегі әйелдерді қолдау бағдарламасы аясында грантқа қол жеткізіп, компанияда толыққанды ребрендинг процессі өтті.

Сонымен қатар, 2018 жылы орталығымызға қарасты барлық шығармашылық топтардың басын біріктірген «Дарынды бала» өнер мектебінің негізі қаланды.
187
Қазіргі таңда компаниямыздың қызметкерлер саны 187 адамға жетті.
Осы жылдар аралығында біз ғылыми зерттеулер мен жаңа практикалық шешімдерді қамтитын өзіндік баға жетпес мол тәжірибе жинадық. Аталмыш тәжірибеге сүйене отырып, компания менеджмент процесіне сапа енгізуге қатысты тәжірибесін практикалық мазмұнға басқа балабақшалармен.
2018 жылы мектепке дейінгі білім беру саласындағы «Дарынды бала» тұңғыш қазақстандық франшизасы пайда болды.
2018 жылы Финляндияға іссапар ұйымдастырылды. Үздік финдік оқу жүйесінің тәжірибесі зерделенді. Олардың оқу жүйесінде пайдаланатын үздік шешімдерін біртіндеп компания жұмысына енгізу басталды.
Компания 2019 жылдың басынан бастап ЕҚДБ гранты негізінде автоматтандыру үдерісін бастады.

2019 жылдың сәуірінде «Дарында бала» балабақшасы базасында «Дарында Ана» әлеуметтік жобасы іске қосылды. «Дарынды Ана» Коворкинг орталығы - бұл белсенді және позитивті өзін-өзі тану, әлеуметтену, өзін-өзі бағалау және аналардың рухани дамуы үшін құрылған онлайн алаң.
2019 жылдың қыркүйегінен бастап «Дарында Бала» көшбасшылықты дамыту орталығы Еуропалық қайта құру және даму банкінің аккредиттелген кеңесшісі атанды. Яғни Қазақстандағы басқа балабақшалар біздің тәжірибемізге негізделген басқару және даму процесстерін үйреніп, ЕҚДБ-дан 10 мың еуроға дейінгі сомманы құрайтын қаржылай қолдауға ие бола алады. Егер сіз масштабтау, басқару үдерісін дамытуды қаласаңыз, операциялық жүйелер мен маркетингтік мәселелерді шешкіңіз келсе, дәл осы жерге өз өтінішіңізді қалдырыңыз немесе келесі байланыс телефондарына қоңырау шалыңыз
Дарынды Бала туралы толық мәліметі


Балалар орталығының құрылу тарихы және негізгі даму кезеңдері

Қандай біз өзімізге тапсырма қойдық

психология ғылымдарының докторы Айжан Изакованың «Талант менеджмент» авторлық бағдарламасы: баланың тағдырына ықпал ететін жағымды жағдайларды іздеу мен құруға бағытталған бағдарлама

















ЖАСАУШЫЛАР
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ
online@daryndybala.kz
Whatsapp +77780171494

ХАБАРЛАСЫҢЫЗ
Нур-Султан, ЖК Holland, Әбубәкір Тыныбаев улица, 7
Караганда, ул. Луговая, 156-2
Караганда, Оазис микрорайон, 7
Караганда, 19-й микрорайон, 45Б
Караганда, Рахимова, 156
Караганда, Муканова, 3/2
КЕЛІҢІЗ